×
Тарих

«BrigCommunication» ЖШС тарихы 1998 жылдан басталады. Ол кезде, Компанияның қазіргі Директоры Қадырбеков Тахиржан Бахтиярұлы Сәулет-құрылыс академиясын «Экономика және құрылыс басқару» мамандығы бойынша бітірген. Бірақ, бұл компания жұмысының бейресми  басталған жылы. Сол сәтте, оны құрушы, өзінің кәсіби қызметін неге сарып ету туралы шын ниетті ойланды. Экологияны, бүкіл әлемді алмағанда, ең болмаса тұрғылықты жерінің экологиясын сақтап қалу қажеттілігін тұжырымдады. Тахиржан мақсатына жету жолдарын іздестірді, алға талпынды.

Тағдыр, Тахиржанның ежелгі арманына қол жеткізу мүмкіндігін,  он жыл бойы тәжірибе жинау, білімін жетілдіру, қосымша машықтану нәтижесінде, алғашқы жобасында жүзеге 

асырды. Экологиялық таза үй- бұл ел кеңістігінде бұрын болмаған зат екенін түсіне отырып, Тахиржан және оның командасы, ең жақсы шешімдер табу үшін, 2007-2009 жылдары көптеген көрмелерге, симпозиумдарға, конференцияларға қатысады. Жобаға халықаралық маманын тартады, себебі, жергілікті нарықта, аталған бағдар бойынша жобашылар тапшылық.

2012 жылы, Тахиржан және оның командасы Eco-BuildLondon көрмесіне шақыру алады. Бұл жоба тарихындағы үлкен өзгеріс сәті болды. Шетелдік тәжірибе арқасында, жоба қайта жобалауды талап ететіні түсінікті болды: темірбетон қаңқа және басқа да қолданған технологиялары, экологиялық таза үйіне ешбір қатысы  жоқ екендігі айқындалды. Құрылыс уақытша тоқтатылды.

2014 жылы-үй тұрғызудың жаңа кезеңі басталды-  ErgoDom жарыққа келді. Оның құрылыс негізінде-минималды техникалық өңдеуден өткен,тек шынайы табиғи материалдар, атап айтқанда: топырақ, құм, қамыс, әк, сабан, ағаш, табиғи тас, су және т.б. Одан басқа, экоқұрылысшылар командасы, құрылысты эзотерикалық тұрғыдан зерттеді. Демек, үй, жайлылық деген, ол органикалық материалдардан аса бағаланатын мән. ErgoDom- Фэн-Шуй және ВастуПурушиМандала ғылыми ұғымдары негізінде тұрғызылған Үй.

facebook instagram vkontakte Разработано в Instinct