Қазақстандағы алғашқы органикалық кеңселер

Тапсырыс беру

Жоба туралы

Қалыптасқан таптаурынға қарсы шыққан, елімізде теңдесі жоқ жоба: табиғи материалдардан тұрғызылған кеңсе кешені. Егжей-тегжейіне дейін ойластырылған экологиялық таза кеңселер: таза ауа, тыныштық және жыл бойы табиғи микроклимат.

Image

Көктен көк

Image

Игілікті орта

Image

Оймен шешілген орналасқан жері

Image

Демалу мен кездесуге арналған орын

Image

Жан тыныштығы және қауіпсіздік

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
19
20
21
28
31
37
42
43
44
46
47
48
49
50
51
55
57
58
59
60
61
62
63
65
66
67
68
69
70
71
72
73

Жиі қойылатын сұрақтар

Панельдер қаншалықты қалың?

Біздің панельдердің тереңдігі 600 мм..

Енi 800 мм.

Биіктік 300 мм.

Кеңсе блогында неше бөлме бар?

Кабинет -5

Мансарда -1

Санитариялық тораптар -4

Қосалқы бөлме -1

Киім-кешекке арналған бөлме -2

Техникалық бөлме -1

Автокөлік тұрағы бар ма?

Кешеннің аумағында автотұрақ бар.

Қызметкерлер қайда демала алады?

Аумақта экологиялық таза материалдардан жасалған демалыс аймағы бар жасыл аула бар.

Кеміргіштер?

Сабанның нәрлі заттары аз, сондықтан ол зиянды жәндіктердің кең таралуын қолдамайды. Сабан нығыздығы кеміргіштердің белсенділігіне кедергі болады. Аспап беті зақымданған жағдайда  және сабан ашық қалғанда ғана, кеміргіштер енуі мүмкін. Әк кеміргіштермен зарардану және зақымданудың алдын алады, асептикалық әсері бар.

Қосымша ретінде, электромагнит «қарақшылары» орнатылған. Біз «ТІРІ» компания болғандықтан, табиғи  іріктеу қағидасын  қолдаймыз. Біздің ауламызда бірнеше мысықтар тұрады.

Сабан шіри ме?

Сабан бүлендері ауа өткізбеуге және ылғалдылықтың аса жоғары деңгейін болдырмауға бағытталған. Сабан, ылғалдық 25 % астам болған жағдайда, шіри бастайды. ModCell® компаниясының зерттеуі бойынша, сабан  бүленіндегі ылғалдық 15% төмен деп көрсетілді, бұл сабанның шіру тәуекелін жоққа шығарады.

Жер сілкіну?

Бізде ҚазНИИСА және басқа институттардың берген қорытындылары бар, кейбір түйінділерді нығайту бойынша берілген кеңестер толық орындалған, орнын ауыстыру талаптарына сәйкес жасалған. Әрбір қайта жобалаудан кейін, сарапшылар қайта шақырылып, жұмыс дұрыс орындалғаны тексеріледі.

Кешен 2017 жылдан бері пайдаланылып келеді және өзін өте жақсы көрсетті.

Қосымша айтайын дегеніміз, 2009 жылы Невада Университетінде, Strawbale House-қа қатысты сейсмотөзімділік сынағы жүргізілген, тұжырымдамада:

Көлемі 14х14 фут сабан үйі: іргетасы қиыршық тастан тұрғызылған және топырақпен өңделген, жер сілкінудің 200% шайқалуына сыналған, 1994 жылы Northridge , Калифорнияда (күші 6,7 балл) белгіленген. Бұл ең ірі, жер қабығының өлшенген үдерісі болған.

Жетіден астам тест жасалғаннан кейін, қорытындысында, үй дірілдеп қатты шайқалған, жіктері шытнаған, болар-болмас шаң, сабан ұшқан бұлт пайда болды,...бірақ үй табжылмады!

Кеңсені қалай жалға алуға болады?

Бізге қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз: +7 702 220 64 61, t.kadyrbekov@ergodom.kz — бос бөлмелерді көрсетеміз.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Архат ықшам ауданы, Денис Тен көшесі, 2-үй.

Жалға алу шартын «Brig Communication» ЖШС жасайды. Шарт үшін компанияның деректемелері және қол қоюшының жеке куәлігі (немесе сенімхат) қажет.

Біздің кеңселердің басқалардан айырмашылығы неде?

Микроклимат

От, өрт?

Сабан бүлендері тығыз қатталған және құм қосылған әкпен таза өңделген. Отқа дайын оттегі көзі қажет, онсыз ол жанбайды, және өртену басталмайды. Бүлендер ауасыз ортаны қамтамасыз етеді, сондықтан өртке төзімділігі жоғары. StrawBaleHouse технологиясы бойынша әктелген сабан бүлендердің екі сағаттық және 15 минуттық, өртке қарсы уақыт қоры бар. Аталған жағымды қасиеттерін алғанда, біздің құрылыс тұрпатымыз отқа төзімділігі бойынша орташа дәрежеге жатқызылады. Бұл жерде, кешенде жұмыс істейтіндердің бәрі үшін, өрт қауіпсіздігінің 4 деңгейлі жүйесі ойластырылып, жасалған. Сенсорлар мен түтін аулағыштар, өртті табу және хабар беруге бағытталған, әр бөлмеде орналастырылған.

Бірінші деңгейі-өрт сөндіргіш, көрінетін жерде орналасқан, және отпен күресудің бірінші амалы болып табылады;

Екінші деңгейі-шашырату табақшалары;

Үшінші деңгейі-құрғақ құбырлар жүйесі, ғимараттың периметрі бойынша жүргізілген, 6 өрт құбыршегі, гидранттардан құралған. Аулада өрт сөндіру 25м3 сыйымдылығы бар стансасы орнатылған. Бір сағаттық уақытқа, өрт сөндіруге жеткілікті.

Төртінші деңгейі-өрт сөндірудің спринклерлік жүйесі. Демек, өрт қауіпсіздігі бойынша барлық шаралар ойластырылған. Маңдағы өртсөндіру стансасы хабардар, біз туралы біледі, олардың барлық телефон нөмірлері бізде бар.

Кеңселердің алаңы қандай?

Кеңсе блоктары — 400 м²-ге дейін (төрт деңгей: төле қабаты, 1-ші және 2-ші қабаттар, мансарда); 89 м²-ден бастап жеке бөлмелер де бар.

Кешен қанша уақыт салынды?

Құрылыс 2011 жылы басталды, 2012 жылдан 2014 жылға дейін үзіліс болды. Содан соң, құрылыс жаңғыртылып, 2017 жылға дейін созылды.

Жылу?

Автономдық, газбен жылту.

Сумен жабдықтау?

қалалық магистраль, қосымша, АкваФор маркалы тазалау бағанасымен судысүзу жүргізледі.

Жергіліктеу- неге осы орын таңдалған?

Құрылыс тәсілін біз денсаулық пен экологияны ескере отырып таңдадық. Себебі, тау саясы қаланың ойпат жеріне қарағанда, таза ауасымен және балғындығымен ерекшеленеді. Әлбетте, біздің бағдарымыза сәйкес, осы жергіліктеу ыңғайлы деп танылған.

Канализация?

Қалалық, орталық

Бізге қалай жетуге болады?

ERGO DOM-ға дейінгі маршрутты ыңғайлы қосымшада құрыңыз: Яндекс Карталар, 2ГИС немесе Google Maps.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Архат ықшам ауданы, Денис Тен көшесі, 2-үй.

Ендірме техника бар ма?

AERTECNICA STUDIO TS2ендірме шаңсорғышы бар.

Орталық тазалау жүйесі ғимараттың төле қабатында орналастырылған, жинау кезінде, Сіздің аяңыздағы тыныштықты бұзбайды. Әр бөлмеде, қосу нүктелері бар. Шлангты арнайы розеткаға қосып, нүктені басу жеткілікті. Шаң қабырғаға ендірілген құбырлар арқылы жылжиды, кеңседе із қалдырмайды. Тағы бір жағымды жағы, ешнәрсені қозғау, сақтау, тазалау қажеті жоқ.

Басқа кеңселерден Сіздің кеңсенің айырмашылығы неде?

Бәрі!

Біздің ғимараттар «тыныс алады», ол өте маңызды!

Сабан бүлен, ағаш бөрене және органикалық құрылыс материалдарынан ғимарат тұрғызу технологиясымен танысып, біздің түсінгеніміз, барлық мәселе автоматты түрде шешіледі-ол құрылыс материалының табиғаты. Демек, органикалық материалдардың молекулалық құрылымы иілімді, қызған кезде кеңиді, ал салқындатқан кезде тарылады, нәтижесінде, ғимарат «тыныс алады»

Өңез пайда болуы?

Әк өте сілтілі. РН, ылғалдылық және ауа сабан қабырғалардың тыныс алуына байланысты өзгереді, микробтың және грибоктың белсенділігіне кедергі болады.

Қолданатын инженерлік шешімдерге сәйкес, ғимараттарда «суық көпірлері» болмайды, демек, әрлеуді бүлдіретін ылғал, саңырауқұлақ пен өңез болмайды.

Бұл бұрыштары тоңатын кәдімгі ғимараттармен салыстырғанда үлкен артықшылық.

Байланысу
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Архат ықшам ауданы, Денис Тен көшесі, 2-үй Т: +7 702 220 64 61
E: t.kadyrbekov@ergodom.kz
Бізге хабарласыңыз, Біз Сізге қоңырау шаламыз
Тапсырыс беру
facebook instagram vkontakte Разработано в Instinct
×